Қоғам

Мүлік және жер салығын төлемегендердің тізімі БАҚ-та жарияланады

23 қыркүйек, 15:11257
Автор: Elorda Aqparat
Фото: informburo.kz Фото: informburo.kz

Мүлік пен жер салығы бойынша қарызы бар қазақстандықтардың тізімі 1 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Онда берешегі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты және қарыздың жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ең алдымен қарызы 50 мың теңгеден асатын жұртқа, одан соң 20 мың теңге және одан жоғары қарызы барларға қатысты болады.

Аталған салықтарды төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Заң бойынша салық органдары қарызы бар адамның аттарын жариялауға құқылы. Алматы қаласы Медеу ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасының айтуынша, тізімде елімізге танымал тұлғалардың есімдері де кездеседі. БАҚ беттерінен жарияланғаннан бөлек салық төлемегендер қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті мен сот орындаушыларының сайтындағы борышкерлердің тізіміне қосылады. Оларға банктен шот ашпау және шетелге шығуға уақытша шектеу қою қаупі бар.

Салық қарызы үшін өзге айыппұлдар қарастырылмаған. Берешек сомасы кешіктірілген жағдайда айыппұл көлемі күн сайын ҚР Ұлттық банкі белгілеген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып есептеледі.

Салық берешегінің болу-болмауы туралы комитеттің kgd.gov.kz сайтынан және электрондық үкіметтің egov.kz сайтынан білуге болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх