• USD 385
  • EUR 434

Экономика

«Moody’s Investors Service» халықаралық агенттігі елорданың несие рейтингісін жариялады

06 қыркүйек, 15:4459
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Биыл «Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі зерттеулер жүргізіп, Нұр-Сұлтан қаласының жаңа несие рейтингісін жасады. Есепке сәйкес, қазіргі таңда астанаға «жағымды» рейтинг берілді. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімінің орынбасары Асқар Амринге сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай деңгей ұзақ уақыт кезеңі ішінде жалпы ағымдағы теңгерімнің жоғары көрсеткіштерін, тікелей борыштың орташа мөлшерімен үйлесімде қайта қаржыландыру тәуекелдерінің жоғары еместігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынатын күрделі сипаттағы шығыстарды қаржыландырудың елеулі көлемін көрсетеді.

«2018 жылы есепке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының рейтингісі бұрынғыша «тұрақты» деңгейде қалды. Бұл жақын уақытта рейтингтің өзгеріссіз қалатынын білдірді», делінген Асқар Амриннің facebook желісіндегі парақшасында.

«Moody’s Investors Service» агенттігі несие рейтингтерін берумен, тәуекелдерді зерттеумен және талдаумен айналысады. Бағалау 2 негізгі топ: инвестициялық рейтинг пен спекулятивті рейтингтегі 23 позициядан тұрады.

Агенттіктің халықаралық рейтинг беруі қаланың инвестициялық әлеуетіне оң әсерін тигізді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх