Қоғам

Міндетті техникалық байқау ережесіне өзгерістер енгізілді

08 қараша, 21:0074
Автор: Elorda Aqparat
Фото Көлік комитетінің баспасөз қызметінен Фото Көлік комитетінің баспасөз қызметінен

Міндетті техникалық байқау ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің медиа орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мамандардың мәліметінше, бүгінде 1500-ден аса техникалық байқау орталығы және 600-ден аса оператор көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізеді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін техникалық байқау саласында "қолмен енгізу", "фотошоп", көлік құралын ұсынбай техникалық байқауды өткізу, жалған диагностикалық карталарды сату сияқты өрескел бұзушылықтарға жол беріліп келген болатын. Осы факторларға байланысты техникалық байқауды өткізу бойынша алаяқтық схемалардың жаңа түрлері, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына және НҚА талаптарына сәйкес келмейтін жерлерде өткізу пайда болды.

Тек соңғы жарты жыл ішінде аумақтық көліктік бақылау органдары жасанды диагностикалық карталарды анықтау бойынша 150-ден аса рейд жүргізіп, нәтижесінде диагностикалық карталарды қолдан жасаудың 84 фактісін анықтаған. Техникалық байқау операторларына қатысты 26 әкімшілік материал жасалып, құжаттарды қолдан жасау және алаяқтық фактілері бойынша 2 қылмыстық іс қозғалған.

Техникалық байқау саласындағы заң бұзушылық әрекеттер туралы мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері талқылап, нәтижесінде "Жол жүрісі туралы" ҚР Заңына және міндетті техникалық байқауды өткізу ережесіне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ ҚР Үкіметі "ҰАТ"АҚ тұлғасындағы бірыңғай ақпараттық жүйенің операторы болып белгіленді.

Брифингте ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаев, "ҰАТ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Бекманов, «ҰАТ» АҚ интеграциялық шешімдер басқармасының басшысы Әлия Ахметжанова БАҚ өклдерінің сұрақтарына жауап берді.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх