• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Менингитке шалдыққан екі баланың жағдайы тұрақты – Шаметкенов

11 қыркүйек, 17:10167
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Адалин Фото: Адалин

Астанадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Иран Шаметкенов менингитке шалдыққан екі баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Менингитке шалдыққан екі баланың біреуі 7 қыркүйекте, ал екіншісі 8 қыркүйек күні ауруханаға түсті. Қазір олар диагностикалау және емдеу тәртібі бойынша ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты, денсаулықтарының нашарлауы байқалмайды», – деді И.Шаметкенов.

Оның айтуынша, стационарда «Менингит» диагнозы бар 59 пациент тіркелген. Соның ішінде вирустық менингит – 52, ал бактериялық менингит 7 адамда. Қазіргі уақытта ем қабылдаушылардың жағдайы тұрақты көрінеді. Сондай-ақ бас дәрігер бүгінде емханаларда науқастарды дер кезінде анықтап, оларға медициналық көмек көрсету мақсатында бас ауруы бар балаларды тексеріп-қарауды жүргізетін фильтр-кабинеттердің жабдықталғанын атап өтті. 

Қалай сақтану керек? 

Менингит – ми қабығының қабынуы. Ол жеке ауру ретінде, мысалы, менингококк инфекциясы немесе басқа қабыну процесінің асқынуы ретінде пайда болады. 
•    Менингитпен ауыратын науқастармен қарым-қатынастан аулақ болу керек, өйткені менингит ауа-тамшы арқылы жұғады; 
•    Орын-жайларды жиі желдетіп отыру керек, әсіресе адам көп жиналатын жерлерде (мектептер мен  балабақшалар)
•    Мүмкіндігінше бактерицидті шамдарды пайдалану керек;
•    Дәкелі бетперде, респираторлар және т.б. қорғаныш құралдарын пайдалану керек;
•    Менингитпен ауыратын науқастармен қарым-қатынастан соң қолды сабындап жуу керек;
•    Ашық су қоймаларында шомылудан бас тарту қажет, әсіресе кішкентай балаларға;
Менингитке күдік болған кезде қайда хабарласу керек? 
•    дәрігерді үйге шақыру арқылы аумақтық емханаға жүгіну керек;
•    симптомдары айқын болған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет.
Диагностиканың негізгі әдісі – жұлыннан пункция алу. Бұл менингит диагностикасының жалғыз әдісі екендігін атап өткен жөн.
     Дер кезінде диагностикалау, емдеу науқастың асқыну ықтималдылығын азайтады.

Естеріңізге салсақ, бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мағрипа Ембергенова елордалық балалардың менингитке шалдығу оқиғаларына қатысты брифинг өткізген болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх