• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Мемлекет тарапынан 18 отандық фильм жобасы қаржыландырылады

11 қыркүйек, 17:2840
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Informburo.kz Фото: Informburo.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет тарапынан өндірісіне қаржылық қолдауға ие болған киножобалардың тізімін мақұлдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Естеріңізге салсақ, 28 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық фильмдерді мемлекеттік қыржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен болатын. Жиында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған бірінші іріктеу байқауының қорытындысы жасалды.

Айта кетсек, ведомствоаралық комиссияның құрамына ҚР Парламент депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Сыртқы істер, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері кіреді.

Жиында қаржылық қолдау білдіру үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптама кеңесі мақұлдаған 60 киножоба туралы ақпарат тыңдалды. Аталған тізімдегі киножобалар ұлттық фильм статусы талабына сай келетін, оның ішінде, ұлттың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары көркемдік деңгейлі, мемлекеттің ұстанымына сай келетін және оның кино өнері арқылы танымалдылығына ықпал ететін туындылар. Ондағы маңызды аспектілердің бірі Қазақстанда түсірілуі қажет. Сонымен қатар отандық кинокомпаниялар фильмдерді басқа елдермен бірлесе де түсіре алады.

Нәтижесінде 12 әлеуметтік маңызы бар фильм іріктелді. Олар: «Аллая нить судьбы», «Возвращение учителя» және «Туркестан – вчера, сегодня, завтра» деректі фильмі мен «Боксер», «Время патриотов», «Выбор», «Жизнь», «Кажымукан», «Обучение Адемоки», «На старте», «Тырналар», «Хардкор» көркем киножобалары. Сонымен қатар комиссия мүшелері «Огонь» дебюттік фильмін, «Ақын» және «Слепая любовь» бірлескен киножобалары мен «Каникулы оффлайн-2», «Нартай»,  «Спасение в степи» көпшілік көрермен аудиториясына арналған фильмдер.

Мақұлданған киножобалар Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық фильмдер өндірісі тақырыптық жоспарына еніп, бірыңғай оператор – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы мемлекет тарапынан биыл қаржыландырылатын болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх