• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Тоқаев: Менің атымды әкем ағасының құрметіне Қасым-Жомарт деп қойған

12 тамыз, 17:1463
Автор: Elorda Aqparat
«Президент 2.0» фильмінен кадр «Президент 2.0» фильмінен кадр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Президент 2.0» интервью –фильмінде өзінің есіміне қатысты фактімен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік белгілі журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізінде «Президент 2.0» деректі фильмі жақында жарыққа шықты. Онда Президент өзінің өмірбаянына, дипломатиялық қызметіне және жеке ұстанымдарына қатысты ойын ашық айтқан. 

Сонымен қатар ол әкесі өзінің ағасының құрметіне осындай есім бергені туралы сыр шертті.

Ел басына күн туған шақта Қасым-Жомарт Тоқаевтың атасы мен әжесі Фрунзе, қазіргі Бішкек қаласына қоныс аударды. Қашқындарға орыс отбасы қарапайым баспана – жертөле салып береді. Бірақ тұрмыс ауыртпалығы көшіп барған соң да бітпейді. Отағасы жұмысқа кеткенде балалар ауыр сырқатқа шалдығып, сал болып қалған аналарымен үйде қалатын.

 «Атам нан тауып келуге кеткен. Ал келген кезде кенже қызының пешке түсіп, өліп қалғанын көреді. Сол кезде ол 2-3 жастағы бала болған. Ал бәйбішесі сал болып қалғандықтан ештеңе істей алмаған. Мұны көрген атам үйден шығып кетіп, сол беті оралмапты. Ал екі ұлы, әкем мен оның ағасы Қасым, менің атымды әкем ағасының құрметіне Қасым-Жомарт деп қойған,  екеуі балалар үйіне өткізіледі, сосын интернатта оқиды. Мектеп бітірген соң екеуі де соғысқа аттанады Ұлы Отан соғысына. Қасым ағам әйгілі Ржев шайқасында қайтыс болған», - деді Мемлекет басшысы. 

YouTube арнасында қазірдің өзінде «Президент 2.0» фильмін 2 млн. астам көрермен тамашалаған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх