• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Мемлекет басшысы Қытай телеарнасына сұхбат берді

10 қыркүйек, 10:46190
Фото Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды Фото Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-дың 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді», - деп Facebook парақшасында Берік Уәли жазады.

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

 

 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх