• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Мемлекет басшысы Ерлан Айтахановты қабылдады

02 тамыз, 16:0587
Автор: Elorda Aqparat
фото Ақорда сайтынан фото Ақорда сайтынан

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Елорда Инфо Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты», - деп көрсетті Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх