Экономика

Мемлекет басшысы елордадағы индустриалдық парк құрылысын сынға алды

08 қазан, 15:3036
Автор: Elorda Aqparat

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы №1 индустриалдық парктің инфрақұрылымын бітіруді тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ашық индустриалдық парк еркін экономикалық аймақ құрдық. Бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет. Еркін экономикалық аймақ инфрақұрылымының негізгі құрылысы біткен жоқ. 10 жылдың ішінде арнайы экономикалық аймақты жабдықтау жолы шешілмеді. Бұл мәселе бірнеше рет қозғалып, 2017 жылы Елбасы қалалық әкімдікке №1 индустриалдық парктің инфрақұрылымын бітіруді тапсырды. Дегенмен жұмыс сол күйі біткен жоқ. Не себеп, түсіндіріңіздер, бұл үшін кім жауап береді? Қажет болса жауаптыларды жазалаңдар, жұмыстан қуыңдар», - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент аталған нысанға қатысты тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

«Үкімет пен қалалық әкімдікке инфрақұрылымдық құрылысы бойынша тиісті шаралар мен арнайы экономикалық аймақты тиісті жылумен жабдықтау мәселесін шешуді тапсырамын», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх