Билiк және саясат

Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады

09 қазан, 19:1227
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ақорда сайтынан алынды Фото Ақорда сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, қазанның 10-ы күні Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Fasebook желісінде бөлісті. 

Мемлекет басшысы онда қазақ әдебиетінің абызы, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. 

Сонымен қатар Президент жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады. 

Сондай-ақ 11 қазан күні Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түрікменстан Республикасына барып, Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх