• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Мемлекет басшысы: АӘК алу үшін алаяқтық әрекетке баруға жол беруге болмайды

15 шiлде, 16:56386
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев әлеуметтік аз қамтылған топтарды қаржылай қолдау мақсатында берілетін АӘК төлемдерін жетілдіруді және құйтыртқы әрекеттерге жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Мемлекет басшысы ретінде халықтың өмір сапасын арттыру мен тұрмысын жақсартуды басты міндетім деп жариялаған болатынмын. Ағымдағы жылы халықтың, оның ішінде әлеуметтік осал топтардың табысын арттыру бағытында нақты қадамдар жасалды. 1 маусымнан бастап бюджет саласы жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін артты. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шарттары өзгерді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары шамамен 3 есеге артқанына тоқталды. Қазір АӘК алатын азаматтар қатары 1,5 млн немесе 291 мың отбасын құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен 202, 5 млрд теңге қарастырылған. Үкімет отырысында аталған көмек түріне қатысты құйтыртқы әрекеттерге бару фактілерінің орын алғаны да назардан тыс қалмады. Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында жалған ажырасу, жұмыстан шығу, табыс деңгейін төмендетіп көрсету үшін дүние-мүлкін өзгенің атына жазу сияқты жағдайлар кездескен.

«Бұл біздің тарапымыздан ескерілмеген шара болды. Соған байланысты Үкімет нақты көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің анық әрі ашық жолдарын бекітуі керек. Қаржыны бөлуді қатаң бақылап, жемқорлық пен алаяқтық фактілерінің алдын алуды тапсырамын. Үкімет пен әкімдер мұндай фактілерді болдырмау және АӘК төлемдерін жүргізу тәртібін жасау керек», - деді Қ.Тоқаев.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх