• USD 386.5
  • EUR 435.9

Билiк және саясат

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №68 мектеп-гимназияға барды

17 мамыр, 22:0669
Автор: Elorda Aqparat
фото Ақорда сайтынан фото Ақорда сайтынан

Мемлекет басшысына елордадағы орта және мектепке дейінгі білім жүйесінің қазіргі ахуалы мен оның келешек даму перспективалары, сондай-ақ, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға жасалған жағдай жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстарының нәтижелері баяндалды. Соның ішінде, балабақшаларға кезекке қою және жолдама беру, мектепке қабылдау және мектептен мектепке ауысу, оқу орнына кіруге арналған бірыңғай электронды карта және оқушылардың тамағы мен жолақысы үшін ақшасыз төлем жүйесін енгізу сияқты үдерістерді онлайн форматына көшіру жөнінде айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мектеп-гимназиядағы «Шұғыла» комьюнити орталығы» қосымша білім беру орталығының жұмысымен танысты. Ол астанадағы Оқушылар сарайының филиалы саналады.

Мұнда балалардың қабілетін дамытуға арналған 5 студия мен 13 үйірме тегін жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге онлайн жүйесі арқылы жазылуға болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх