Қоғам

Мектепке дейінгі мекемелердегі тамақ сапасын бақылайтын топ құрылды

02 қазан, 16:32987
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Қалалық Білім басқармасының ұсынысымен мектепке дейінгі ұйымдарда тамақ сапасын бақылауды жүзеге асыратын ата-аналар мен қала жұртшылығының өкілдері қатыса алатын бақылау тобы құрылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Білім басқармасының Мектепке дейінгі және тәрбие бөлімінің басшысы Ләззат Разбекова және мониторинг тобының ата-аналары №86 Зияткер мектепке дейінгі мекемесіндегі тамақтану жағдайын бірлесіп тексерді.

Елордада осындай 94 – мемлекеттік, 229 – жекеменшік балабақша, 43 – шағын орталық, 3 – ведомствалық болса, осы уақытқа дейін тамақ сапасын бақылауда 50-ден аса балабақша ата-аналар тарапынан тексеруден өтті. Нәтижелеріне байланысты жаңа ұсыныстарды осы топпен бірлесе қарап жатыр. 

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

«Бір апта көлемінде бақылау жүргізетініміз жайлы брифинг ұйымдастырдық, қатысуға 78 адам өз өтініштерін берсе, арнайы санитарлық кітапшасы бар 36 адам бақылауға қатысып, үш ата-анадан бірігіп 12 топ құрды. Біз осы аптада мемлекеттік, келесі аптада жекеменшік балабақшаларда тамақ сапасын бақылау мониторингін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - дейді Ләззат Разбекова.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх