• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Медиация саласындағы жұмысты күшейтуге арналған конференция өткізіледі

02 тамыз, 17:34150
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

Елордада «Азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 5 тамызда сағат 11.00-де Достық үйінде сот және құқық қорғау органдары, әділет органдары, «Nur Otan» партиясы, кәсіподақ ұйымдары, этномәдени бірлестіктер ұйымдарының өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім және Аналар кеңесі, медиация мәселелеріне маманданған көрнекті ғалымдар мен өңірлерден шақырылған кәсіби медиаторлар, мектеп медиаторларының; жастар ұйымдары өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен «Азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлі» атты тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырады.

Ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты: қоғамдық келісім мен жалпыэтностық бірлікті қамтамасыз етуде медиация институтын нығайту және одан әрі дамыту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу, қоғамдық медиатордың қызмет этикасы ережелерін әзірлеу, медиативтік келісімдерді сапалы жасасу үшін «қоғамдық медиатор» ұғымының критерийлерін анықтау (медиаторлардың біліміне және біліктілігіне қойылатын нақты талаптарды белгілеу), қоғамдық медиаторлар үшін оқыту курстарын, семинар-тренингтер өткізу, әр азаматтың өміріндегі медиацияның рөлі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

"Медиация саласындағы ақпараттық-насихаттау жұмысын күшейту шеңберінде конференция нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады және медиативтік практикада қолдану үшін медиация рәсімі бойынша ғылыми-әдістемелік материалдар әзірленеді. Жинақ Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында қосымша жарияланады", - делінген «Қоғамдық келісім» КММ хабарламасында.

Семинар-тренинг қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталады.

Бірыңғай республикалық медиация күні шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында, қалалық кәсіподақ орталығында, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Алматы аудандық сотында медиация кабинеттерінің Ашық есік күні өтеді. Азаматтарды қабылдауды мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, заңгерлер мен АХАТ өкілдері өткізеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх