Қылмыс және оқиғалар

Мас күйінде көлік жүргізген 22 мыңнан аса жүргізуші анықталды

05 қараша, 20:1345
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР ІІМ баспасөз қызметі Дереккөз: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 22 мыңнан аса жүргізушіні анықтады. Олардың 17 мыңнан астамы автокөлікті басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізушілік құқығынан айырылған әрі мас күйде болған 1 878 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 9 айында мас жүргізушілер тарапынан 342 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 64 адам көз жұмып, 493 адам жарақат алған.

Естеріңізге салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішімдік ішіп, автокөлік жүргізгені үшін жазаны қатаңдату қажеттілігін айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі осындай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөнінде бастама көтерді.

«Мас күйінде көлік басқарған жауапсыз жүргізушілердің кінәсінен бейбіт күнде жолдарда адамдар қаза тауып жатыр.  Оларды ақтауға жатпайды. Сондықтан осындай заң бұзушылықтар мен қылмыстар үшін олардың салдарының ауырлығына лайықты жаза болуы тиіс», – деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұғымбаев ІІМ қызмет басшыларымен өткен кеңесте.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх