Спорт

Мәнерлеп сырғанаушылар Астана кубогін сарапқа салады

04 желтоқсан, 15:58366
Автор: Elorda Aqparat

Елордада мәнерлеп сырғанау бойынша «Astana Figure Skating Cup – 2018» ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Алау» мұзайдыны сарайына сілтеме жасап.

Желтоқсанның  5-і мен 6-сы күндері «Алау» мұз айдыны сарайында «Astana Figure Skating Cup – 2018» конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша Астана қаласының ашық кубогы өтеді.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен мәнерлеп сырғанаушы спортшылар қатысатын болады.

Сайыс 2018-2019 жж маусымға арналған бірыңғай республикалық жіктемеге және ISU ережелеріне сәйкес ұлдар мен қыздар арасында конькимен жеке сырғанау бойынша өткізіледі.

Жарыс жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы мен «Алау» мұзайдыны сарайы.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




Наверх