Экономика

Elorda Live. Елордадағы шағын және орта бизнес: сандәйектер

07 қазан, 18:0393
© Нұрсұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова © Нұрсұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова

Нұр-Сұлтан қаласы бизнес жүргізетін нысан ретінде ерекшелігі бар. Мысалы...

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова шағын және орта бизнеске қатысты сауалдардға жауап берді. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекет деңгейіндегі бағдарламалары жергілікті шаралар Нұр-Сұлтанда нақты қандай көріністер тауып жатыр?

 

САНДӘЙЕК

***

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына биыл – 9 жыл. Бұл бағдарлама мемлекеттің – кіші және бизнестің көмектесуінің басты құралына айналып үлгерді.

***

Бизнеске жәрдемдесетін басқа да бағдарламалар бар. Мысалы, жақында «Еңбек» бағдарламасы қабылданған болатын. Ол 8 мың АЕК-ке дейінгі микрокредит беруге бағышталған. Бұл кішігірім кәсіптің алғашқы кезеңі үшін жеткілікті.

***

«Қарапайым заттар экономикасы»  аясында да несие түрлері бар.  Бұл қаржылай демеуге арналған. Несиенің бұл түрі әмбебап емес, мысалы – сала бойынша шектеулер бар. Дегенмен, соңғы түзетулер мен толықтырулардан кейін бұл бағдарлама бойынша несие алу мүмкіндігі кеңейді. Және үстеме проценті де 2% азайтылды.

***

Биыл «Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша 63 грант үлестірілді. Бұл -  260-қа жуық өтініштен іріктелгені. Гранттар көбіне – жеткілікті түрде жоспарланған стартаптарға беріледі. Көлемі – 3 млн теңгеге дейін. Гранттар шартсыз: бұл – мемлекеттің кіші және орта бизнеске қайтымсыз инвестициясы.  

Биылғы комиссия құрамына  бір де бір мемқызметкер енген жоқ.  Жеңімпазды анықтағандардың өздері де – кәсіпкерлер мен бизнестің басы-қасындағы азаматтар болды.  Оның үстіне, іріктеу үрдісі де ашық болды, мысалы – Facebook желісінде тікелей көрсетілді.

***

Нұр-Сұлтан қаласы бизнес жүргізетін нысан ретінде ерекшелігі бар. Мысалы, оның халқы жылына 50 мыңға артып отырады, ендеше мысалы,  қоғамдық тамақтандыру саласында сұраныс тек көбейе бермек.  Бұл сонымен бірге – сервистерге, мысалы, киім мен үй жиһаздарын тазартуға, шаштараз, сұлулық салондарына  да қатысты қағида.  Ендеше бизнес бастаушыларға қызмет көрсету саласын таңдаған дұрыс.

***

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жеңілдіктер көп. Мысалы, қайта өңдеуге байланысты кәсіп көп ұтады. Үстеме кәсіпкерлер үшін жылына 8% шығады. Егер ақша инвестиция үшін алынса – 5 жылға, егер айналымдағы қаржыны көбейту үшін алынса – 3 жылға дейін беріледі.

***

Бизнеске қаржыдан басқа да көмек түрлері бар. Мысалы болашақ кәсіпкерлер бизнестің қыр-сырын тегін оқып, бухгалтерлік есепті, бизнес-жоспар жасауды, қорлармен, банктермен қарым-қатынасты, салық есебін үйрене алады.

***

Нұр-сұлтан қаласының жалпы аймақтық өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі  I-II тоқсандардың қорытындысы бойынша - 58,5%.

Elorda Live. Елордадағы шағын және орта бизнес: сандәйектер



Наверх