• USD 377.9
  • EUR 429

Қоғам

Лифті мәселесіне қатысты қандай шағымдар жиі түседі

12 ақпан, 18:1426
Автор: Elorda Aqparat
ашық интернет көзінен алынды ашық интернет көзінен алынды

2018 жылдың ішінде Астанадағы лифті саны 580-ге артып, бүгінде  7 323 бірлікті құрап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Өткен жылы тұрғындардан лифттердің жұмысына қатысты 3580 өтінім келіп түсті. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша төмендегі жүйелік мәселелер  анықталды. Яғни көбінесе лифт компанияларының жұмысының сапасы бойынша, одан соң қысқа мерзімдерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі, лифттердің қанағаттанарлық емес жағдайына қатысты және лифт жоспарлы емес түрде тоқтатылған кезде ішінен тұрғындарды уақытылы эвакуацияламау», - деді Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев. 

Оның айтуынша, анықталған проблемаларды жою үшін тиісті жұмыстар атқарылды. 

«Лифт компанияларының жұмысының сапасына шағымдардың берілу себебі лифт компанияларының тарапынан оны техникалық сапасыз күтіп ұстауы. Осы бағытта лифттерді күтіп ұстауға жұмсалатын тарифтерді талдау бойынша жұмыс жүргізілді. Талдау қолданыстағы тариф пайдалану шығындарын ғана емес, күрделі жөндеу жұмыстарын да өтей алатындығын көрсетіп отыр.Осыған байланысты, лифт компанияларымен жасаған бірлескен жұмыстың нәтижесінде лифт ұйымдарының қаражаттары есебінен 87 лифтке, оның ішінде  жүйелі түрінде шағым жасап отырған 5 лифтілердің күрделі жөндеу жүргізілді», - деді ол. 

Сонымен қатар, басқарма басшысы лифтілерде орын алатын бұзақылық оқиғаларына да тоқталып өтті. 

«Лифттердің бұзылуын болдырмау мақсатында 2018 жылы медиа-кешендердің 780 бірлігі орнатылды (бейнекамера және т.б.,).Жоба 100% инвесторлардың есебінен жүзеге асырылды. Осы жүйені енгізудің нәтижесінде соңғы 2 айда ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке 5 адам тартылды» - деді Т.Құлұшев.

Т.Құлұшевтің мәліметіне сүйенсек, саладағы мәселелерді шешу мақсатында лифт компанияларының басшыларымен кездесулер өтті. Оның нәтижесінде адамдарды эвакуациялауға жедел қою бойынша өзара келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, лифт бойынша 3208 бірыңғай апаттық-диспетчерлік қызметі құрылды. 

 


Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх