Өңірлер жаңалығы

Леңгір қаласында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды

06 қараша, 23:3240
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Дереккөз: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Спортшыларымен жүздескен аймақ басшысы жергілікті жұртшылықтың бұқаралық спортқа көптеп тартылуын құптайтынын жеткізді. 

Жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде 1400-ден аса жасөспірім спорттың футбол, волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннис, күрес түрлері бойынша жаттыға алады.

Айта кетсек, бүгінде Төлеби ауданында 364 спорт нысаны жұмыс істейді. Онда 35 мыңнан аса адам шынығады.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх