Өңірлер жаңалығы

Қызылорда облысында көлік ұрлағандар ұсталды

07 қараша, 03:1655
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚазАқпарат Дереккөз: ҚазАқпарат

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Lada Kalina» маркалы автокөлігін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Көліктің ұрланғаны туралы ақпарат түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Нәтижесінде тас жол бойында жаяу кетіп бара жатқан екі азаматты анықтады. Олар заңсыз айдап кеткен автокөлікті жасыру мақсатында жол жиегіне шығарып қойған. Күдікті ретінде Жалағаш кентінің 31 және 39 жастағы екі тұрғыны қолға түсті. Олар Жалағаш ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде алынған автокөлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жүріп жатыр», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх