• USD 381.9
  • EUR 432

Қоғам

Әйелді суицидтен құтқарған төтенше жағдай қызметкері марапатталды

15 наурыз, 11:4930
Автор: Elorda Aqparat

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде қызды өзіне-өзі қол жұмсаудан құтқарған құтқарушы марапатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған мекемеге сілтеме жасап.

 

2019 жылғы 15 наурызда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин Ішкі істер министрінің бұйрығына адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін ҚР ІІМ ТЖ комитеті Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының (Астана қаласы) бас құтқарушысы Мақсат Имашевқа «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін тапсырды.

Хабарламада айтылғандай, 11 наурыз күні сағат 18.50-де Астана қаласы ТЖД «112» телефонына Байқоңыр ауданы Ташенов көшесі 8 мекенжайында 12 қабатты тұрғын үйдің төбесінен жас әйел өзіне-өзі қол жұмсамағалы жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына келгеннен кейін ОӨАЖҚЖ құтқарушысы Мақсат Имашев екі полиция қызметкерімен үйдің төбесіне көтеріліп, қызбен келіссөздер жүргізуге тырысты. Полиция қызметкерлері келіссөздер жүргізіп жатқан кезде, құтқарушы қыз тұрған үйдің шатырына түсті. Құтқарушы қызға білдірмей келіп, оны ұстап, күнқағарға жақындады. Оқиға орнына жеткен полицейлермен бірігіп,  қызды құтқарып, төменге түсірді, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді. Мақсат Имашевтың кәсіби және сауатты іс-әрекеттерінің арқасында 1989 жылы туған азаматтың өмірі құтқарылды», - делінген хабарламада.

Юрий Ильин жеке құрамның қатысуымен өткен іс-шарада Мақсат Имашевқа құтқару кезінде көрсеткен қырағылығы мен жедел әрекеттері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару бөлімшелерінде батыл балалар жұмыс істейтінін, олардың іс-әрекеттері мен жедел іс-әрекеттері шын мәнінде ерлік болып табылатынын, олар әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде өз өмірлерін тәуекел етіп, батылдық пен батылдық танытатынын, сол арқылы адам өмірін құтқаратынын атап өтті.



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 




Наверх