Қоғам

Күйеуі өртеп жіберген астаналық әйел есін жиды

07 қараша, 17:40130
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Елордада күйеуі бензин құйып, өртеп жіберген әйелдің қазіргі жағдайына қатысты дәрігерлер түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«6 қазан күні денесінің 75 пайызын денесін күйік шалып, қиын жағдайда түскен пациенттің денсаулығы тұрақты ауыр жағдайда. Жақсару динамикасы бар. Пациент есін жиып, өздігінен демалады. Бүйрек жұмысының тұрақсыздығы әлі де бар», - деп хабарлайды Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметі.

Бұған дейін, аталған институттың дәрігерлері пациент денесінің 75 пайызын күйік шалғанын және оның ес-түссіз жатқанын айтқан еді.

Еске сала кетсек, оқиға 6 қазан күні елордада орын алды. Астаналық әйелді күйеуі оңаша жерге алып шығып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген. Кейін қалалық Полиция департаменті күйеуінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.




Наверх