• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Құтқарушылар тауда қалып, қатты тоңған әйелді құтқарды

15 тамыз, 17:54109
Автор: Elorda Aqparat
Фото ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен Фото ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары тауда қатты тоңып қалған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 тамыз күні таңертең Республикалық жедел құтқару жасағы жедел кезекшісінің пультіне әйел БАО ауданына өз бетімен тауға аттанғаны туралы ақпарат келіп түсті. Таңертең қатты мұздағандықтан, ол өз бетінше түсе алмаған.

«Құтқарушылардың жедел тобы оқиға орнына шықты. Айта кету керек, түнде қалада жаңбыр жауып, салқын болды. Тауларда жаңбыр қарға ауысты, температура нөлге жақын болды. Қатты тоңудың салдарынан әйел сандырақтай бастады, өзінің орналасқан жерін түсіндіре алмай, үнемі шатасып тұрды. БАО ауданында құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті», - делінген хабарламада.

Құтқару операциясы созылғанша жедел кезекші зардап шегушімен байланыста болды. Кез келген қосымша ақпарат құтқарушыларға радиобайланыс арқылы жіберілді. Сондай-ақ әйелмен үнемі сөйлесуді талап етті, апатияның қауіпі төне бастады.

«Біраз уақыттан кейін жедел топ Турист шыңы ауданында әйелді тапты. Әйел жерде, шатырсыз және ұйықтайтын қаптарсыз, жеңіл киімде отырды. Ол соншалықты қатып, шаршап, өздігімен қозғала алмады, тіпті сүйемелдеп қана отырды. Құтқарушылар зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті, аяқ-қолдарын жақсылап ысқылап, туристі құрғақ және жылы киімге ауыстырды. Кейін жатын қапта зембілге салып, тасымалдауға кірісті. Құтқарушылар зардап шеккен азаматшаны АМО бригадасына тапсырды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Фото ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіненФото ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Сондай-ақ Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары түнде серуенге жиналсаңыз, тауға жалғыз бармауға, өзімен бірге қосымша жабдықтар мен жылы киім алып жүруді ескертеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх