• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

«Сақалды» құрылыстар «Nur Otan» және мәслихат депутаттарының бақылауында болады

05 қыркүйек, 11:02131
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

«Nur Otan» және мәслихат депутаттары елорданың құрылысы ұзаққа созылған нысандар құрылысының барысын қадағалайтын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Таңғы аралау кезінде елорда әкімі А.Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын қайта аралады. «Столичный-2» ТК-де қасбетті нығайту жұмыстары басталып, құрылысты жаңғыртуға рұқсат құжаттары алынды.

Инженерлік желілерге қосу жобасы әзірленуде. Нысан екі мұнарадан тұрады, құрылыс салушы жылдың соңына дейін алғашқы үлескерлерге пәтерлерін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Қала әкімі ғимаратты тезірек пайдалануға беру үшін құрылыс қарқынын жеделдету қажет екенін атап өтті.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Тағы бір нысан «Femida» ТК болды, үлескерлер саны - 170 адам. Мұнда шатырды нығайту, ішкі әрлеу және терезелерді орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Жұмыс айтарлықтай жүріп жатыр. Біз құжаттамамен көмектесеміз, аумақтарда құрылыс қарқынын арттыру қажет. Суық басталғанша терезелерді орнатып алу керек. Терезелер орнатылғаннан кейін ішкі жөндеу жұмыстарымен айналысуға болады. Үлестік құрылыстың проблемалық нысандарының құрылыс жұмыстарының барысы «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы мен мәслихат депутаттарының бақылауында болады», - деді Алтай Көлгінов.

Қалада барлығы 51 құрылысы аяқталмаған нысан бар. Тұрғын үй кешені құрылысын бақылау үшін елорда әкімі нысандарды қайта аралауда.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх