• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Құрылысты қайта жаңғыртып, қажетті құжаттарды алуға көмек көрсетеміз – Көлгінов 

06 тамыз, 12:02157
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Алтай Көлгінов «Алтын Бұлақ» тұрғын үй кешенінің пәтер иелерімен кездесті. Бұл нысан 2017 жылы проблемалы деп танылған. 401 пәтерден тұратын бұл үйдегі үлескерлер саны - 385 адам, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бізде екі блок бар. Бірінші блоктың құрылысын аяқтауға құрылыс салушыға рұқсат берілді, ал екіншісінің құжатын күтіп отырмыз. Үйсіз-күйсіз жүрген адамдар біздің аумағымыздан шықпайды. Бұл мәселе заттардың ұрлануына себеп болып отыр. Біздер қайта-қайта полицияға шағымдануға мәжбүрміз. Оған қоса құрылыс нарығындағылар кәрізді біздің аумаққа жіберіп отыр. Көшенің бәрін иіс алып тұр. Сасық иіс қолқаны қабады. Мұнда тұрудың өзі мүмкін емес», - деді кешен үлескерлері.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Пәтер иелерінің айтуынша, нысан аумағындағы мүлік үлкескерлерге өтпеген.

«Біз күнделікті осы нысанға келіп, пәтерімізге қашан көшіп келер екенбіз деп әлі құрылысы бітпеген үйімізді қарап кетеміз. Маған 4 операция жасау керек. Бірақ мен ауруханаға жата алмаймын. Бәріміздің де несиеміз бар, ипотекамыз бар. Мен жасым зейнетке тақаған адаммын. Өз пәтеріме көшіп келіп, немерелерімді бағып, үйде отырамын деп ойлаған едім. Алайда әлі жұмыс істеуге тура келіп отыр. Құрылыс аумағында қалған гараждар әлі бар. Оларды сатып алу керек», - деді кешен тұрғыны.

Бірінші блоктың құжаттары бар, ал үйдің екінші блогының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Әкім бірінші блоктың құрылысын бастау қажеттігін, одан соң екінші блокқа өту керектігін айтты.

«Жоба тиімді. Алайда үй 6 жылдан бері тұрғандықтан оған техникалық қорытынды жасау керек. Құрылысты қайта жаңғыртып, оны жеделдету үшін қажетті құжаттарды алуға көмек көрсетеміз. Тұрғызылған үйдің сапасы басты назарда болу керек», - деді А.Көлгінов.

Айта кетейік, қалада құрылысы аяқталмаған 51 объект бар.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх