• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Қазақстан полицейлерінің трансұлттық қылмыспен қалай күресетіні белгілі болды

09 тамыз, 16:4554
Автор: Elorda Aqparat
фото ҚР ІІМ баспасөз қызметінен фото ҚР ІІМ баспасөз қызметінен

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан полицейлерінің трансұлттық қылмыспен қалай күресетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлерінің екінші кеңесінде ішкі істер органдарының қылмыскерлерді іздестірудегі өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлер ішкі істер органдарының бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестегі ынтымақтастығын жандандыру мәселелері талқыланды.

«Біздің елдеріміз аумағында қылмыс жасаған қауіпті қылмыскерлерді іздеу және ұстау, ауыр қылмыстарды бірлесіп ашу бағытында көптеген жақсы нәтижелер бар. Бірлескен іс-шаралар өткізу өңірдегі жедел жағдайға оң әсер етеді. Бұл жұмыс бағыты бойынша ТМД шеңберінде «іздестіру» халықаралық операциясын (жыл сайын 2 кезеңде) жүргізу кезінде оң тәжірибе жинақталғанын атап өткім келеді. Әртүрлі операциялар кезінде халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды, шекара арқылы заңсыз айдалатын бірнеше ондаған бас мал табылды, адам саудасына байланысты 100-ге жуық қылмыс анықталды», – деді ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, кездесуде бірлескен іздестіру жұмысы трансұлттық қылмысқа қарсы күресте біздің іс жүзіндегі өзара іс-қимылымыздың ең нәтижелі негізі болып табылатыны атап өтілді. Ағымдағы жылы Орталық Азия елдерінен ішкі істер органдарының сұраулары бойынша Қазақстан аумағында 70-ке жуық қылмыскер, оның ішінде аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер іздестірілді.

«Көптеген қылмыстардың ашылуы мен іздестіріліп жатқан қылмыскерлерді ұстау біздің ішкі істер органдарының басшылары мен қызметкерлерінің жеке байланыстары салдарынан мүмкін болатынына сенімдімін. Қылмыскерлерді іздестіру саласында біздің өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін біздің бейінді бөлімшелеріміз арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту қажет», – деді Е.Тұрғымбаев.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх