Қылмыс және оқиғалар

ҚТЖ Шамалғанда болған жол-көлік оқиғасы туралы мәлімдеме жасады

16 қыркүйек, 01:01132
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Kaztag.kz Фото: Kaztag.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алматы облысындағы Шамалған стансасында жолаушылар автобусымен пойыздың соқтығысуы туралы толыққанды ақпарат берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Естеріңізге салсақ, Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.

"ҚТЖ" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, апатқа ұшыраған пойыз жолаушыларының ішінде зардап шеккендер жоқ. Отарба 1 сағат 38 минутқа кешігіп, қайтадан жолға шыққан.

Алайда оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Оның екеуі – бала. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх