Қылмыс және оқиғалар

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығын қызметінен шеттетті

08 қазан, 01:48123
Автор: Elorda Aqparat
Фото: zakon.kz Фото: zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығын қызметінен шеттетті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жемқорлық қылымысы бойынша күдікті танылған бастықтың орынбасары А.Сәдуов пен қаржылай қамтамасыз ету басқармасының бастығы С.Жұмалинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты Полиция департаментінің бастығы, генерал-мойор Б.Біләлов атқарып отырған қызметінен босату туралы рапорт жазған. 

Фото: kazlenta.kzФото: kazlenta.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ҚР ІІМ Криминальді полиция департаментін басқарып тұрған Арманбек Баймұрзин Ақмола облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх