Өңірлер жаңалығы

ҚР Әскери-теңіз күштерінің қызметшілері «Tetris challenge» әлемдік флешмобына қатысты

01 қараша, 17:0665
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтау қаласында ҚР Әскери-теңіз күштерінің қызметшілері «Tetris challenge» әлемдік флешмобына қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтау қаласында ҚР Әскери-теңіз күштерінің қызметшілері "Tetris Challenge" әлемдік флешмобына қосылды. Олар "Барыс" әскери кемесін, жеке құрамды, қару-жарақты, арқандап байлау, сүңгуір және өрт сөндіру мүліктерін, жеке құрамның жабдықтау элементтері мен амуницияларын көрсетті. 

Олардың ішінде "Адмирал" моторлы қайығы, гидрокостюм, құтқару кеудешесі мен шеңберлері, Барьер-ВК-дан ҚР-2В зымырандары, 9м-313 бұйымы, 12,7 мм "КОРД", 12,7 мм оқ-дәрілері бар "НСВП" оқшашарлары, 30 мм АУ АК-306 оқ-дәрілер, теңіз түтінді шашкалар, арқандап байлау ұштары мен крандар, суды сорып алуға арналған тасымалданатын сорғы, өрт сөндіргіштер, жылжымалы тіректер мен пластерлер, өту және шығу үшін ұзын және қысқа трап үлгілері.

Естеріңізге салсақ, "Tetris Challenge"-ді Цюрих (Швейцария) полицейлерінің бастамасымен 1 қыркүйектен бастап қолға алынды. Бүкіл әлем бойынша аталған флешмобқа өрт сөндірушілер, полиция, жағалау күзеті, әскери қызметшілер, жедел жәрдем және басқа да шұғыл қызметтер қосылды.

Айта кетсек, Әскери-теңіз күштері – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, егемендігін, экономикалық мүдделерін қорғауға арналған ҚР Қарулы Күштерінің бірі.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх