• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар білім, денсаулық, кәсіпкерлікке үйретіледі

26 тамыз, 13:1859
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Бүгін «ЖАНҰЯ» отбасылық институтының ашылуында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметтерді бір жерден алу керектігін ерекше қозғап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет елордалық отбасыларға қызмет көрсететін орталық ашылып отыр. Қала әкімінің бастамасымен кәсіпкерлер мен демеушілер тартыла отырып, 100 млн теңгеден аса қаржыға мына ғимаратты жөндеп, қажетті құрал-сайман және жабдықтармен қамтамасыз етілді. Енді жұртшылыққа «бір терезе» бойынша 70-тен астам қызмет көрсетілетін болады. Әсіресе, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды білім, денсаулық, кәсіпкерлікке үйрету көзделіп отыр», – деді Бердібек Сапарбаев.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Үкімет басшысының орынбасары сөз арасында қала тұрғындарын жұмыспен қамту ісіне көп көңіл бөлінетінін, ол үшін алдымен тиісті деңгейде білім беру, қажет мамандық алуына көмек берілу керектігін ерекше атап өтті.

«Ғимаратқа кіреберісте-ақ 1-6 ай аралығында оқытылатын мемлекеттік бағдарламалардың тізімі көрсетілген. Әркім өзінің қабілетіне қарай сол курстардан өтіп, қазіргі экономикаға қажет мамандықтарды алу керек. Онда 16 мың теңге стипендия төленеді. Одан бөлек өзге де жағдайлар жасалады. Нақтырақ айтар болсам, мемлекеттің қолдауын, ұйымдастырып жатқан бағдарламаларын пайдалану керек. "Анау жоқ", "мынау жоқ" деп отыра беруге болмайды. Адам өзі қимылдап, әрекет жасауы керек», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Бердібек Сапарбаев өз сөзінде «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында жақында ғана 200 отбасы баспаналы болғанын, бұл жұмыс ары қарай да жалғаса беретінін тілге тиек етті. Сол сияқты қаладағы төрт ауданның тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылғанын, сонда көпшілікті баспана мәселесі алаңдататынын қозғап өтті.

«Баспана мәселесін бірден шеше салу мүмкін емес. Дегенмен заңдылыққа, әркімнің өз кезегіне қарай мемлекеттің есебінен, сол сияқты демеушілермен реттейтін боламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерлермен келісім бар», – деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх