• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Конвенциялық емес теңіз кемелерінің нормативтері бекітілді

12 қыркүйек, 02:2541
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Көлік комитетінің баспасөз қызметі Дереккөз: Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Конвенциялық емес теңіз кемелерінің нормативтері бекітілді. Кеме қауіпсіздігі мен теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету үшін қойылатын талаптарға енгізілген түзетулер 20 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мұндағы негізгі жаңалық халықаралық теңіз конвенцияларының талаптарына техникалық сипаттамалар бойынша жатпайтын теңіз кемелері үшін нормативтерді регламенттеу болып табылады. Атап айтқанда, шексіз жүзуге арналған аудандарда пайдаланылатын жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімді тоннадан кем теңіз кемелері үшін палубалық команда ең аз дегенде 4 адамнан тұруы тиіс.
Автоматтандыру деңгейіне және кеменің жүзу ауданына байланысты бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 кВт дейінгі кемелер үшін машиналық командасына бір механиктен екі механикке дейін кіруі қажет.
Ал күндізгі уақытта тасымалдауға арналған жалпы сыйымдылығы 100 тіркелімдік тоннадан кем кемелерде экипажының ең аз құрамына тек капитан және аға механик (екінші механик) кіреді. Бұдан басқа жоғары жылдамдықты кемелердің механиктеріне арналған кемені басқару жөніндегі куәлігінің болуы міндеттелген талап алынып тасталды.
Сондай-ақ жағалаудан 20 мильге дейін немесе баспана орнынан 50 мильге дейінгі қашықтық Қазақстан туын көтеріп жүзетін кемелер үшін жағалауда жүзу ауданы болып нақтыланды.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх