• USD 380.4
  • EUR 425

Қоғам

Көлік картасын қашықтықтан толтырудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

25 сәуiр, 11:0675
Автор: Elorda Aqparat
Сурет Astana LRT алынды Сурет Astana LRT алынды

Жолаушыларға көлік картасын қашықтықтан толтырудың жаңа мүмкіндігі қолжетімді болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Енді көлік картасын қашықтықтан «Нұрбанк» АҚ төлем терминалдарында толтыруға болады. Сондай-ақ, көлік картасының теңгерімін банктің мобильді қосымшасы және nurbank24.kz интернет-банкингі арқылы толтыруға болады.

Терминалдардың орналасқан мекен-жайын және мобильді қосымшаларының сілтемелерін сайтта таба аласыз.

Айта кетейік, қашықтықтан толтырылған теңгерім белсендіруді талап етеді.

Картаның белсендіруін автобустың ішіндегі валидаторда немесе RTVM-терминалында жасауға болады. Ол үшін картаны қойып, 5-7 секунд ұстау керек.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх