• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Қоғамдық кеңес мүшелері халықтың тұрмысымен танысты

16 тамыз, 17:16254
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының тұрғын үй алаптарын аралап, халықтың тұрмыстық жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Арнайы делегация Байқоңыр ауданындағы Өндіріс тұрғын алыбындағы үйлердің ауласын аралады. Бұдан кейін бұрынғы Шойын құю зауыты жатақханаларының жағдайымен танысты. Жатақхана тұрғындары ғимарат шатырынан көктем мен күзде су сорғалап ағатынына және жөндеу жұмыстарының сапасына шағымданды. Тұрғындардың айтуынша, ғимаратқа 2012 жылы жөндеу жүргізілгенімен, оның сапасы сын көтермейді.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Сонымен қатар делегация Қазқалашық және Сарыарқа ауданында Көктал-1, Көктал-2 жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысымен танысып, спорт және балалар алаңдарын аралады.

Агроқалашықта салынып жатқан жолдардың құрылысымен танысып, көшелерге шам орнатылуын тексерді. 

«Бүгінде қалада ең басты деген үш проблема бар: үлескерлер мәселесі газдандыру және шеткі аймақ тұрғындарының тұрмыстық-жай-күйі. Аталған түйткілдер рет-ретімен шешіліп келеді. Бүгін біз осы жайсыздықтарды өз көзімізбен көріп, көкірегімізге түйдік. Бұл фактілерді әкімдік те жақсы біліп отыр. Алдағы күндері осы келеңсіздіктерді жоюда атқарушы билікпен тізе қосып жұмыс істеуге ниеттіміз», – деді Қоғамдық кеңестің хатшысы Мұхтар Еркетаев.

Жалпы, қала тұрғындарының проблемасы ортақ, әсіресе шаһардың шеткі аймақтарында аулаларды абаттандыру, ойын алаңдарын орнату, көшені жарықтандыру, ескі ғимараттарды жөндеу, инженерлік тораптарды жүргізу сияқты жұмыстар қажет. Аталған тұрмыстық жайсыздықтар бұрыннан бар. Оларға тек кейінгі жылдары ғана көңіл аударыла бастады. Шеткі аймақтардың кешенді жобасы жасалып, ол әкімдікке ұсынылған. Қазіргі күні осы жобалар саралану үстінде. Бар мәселе қаржыға тіреліп тұр. Жоспар мақұлданып, жөнделіп-жаңартылатын немесе жаңадан салынатын нысандар тізімі нақтыланса, нақты қаражатпен бекітілсе, оны атқаратын мамандардан да, техникадан да тапшылық жоқ.

«Аулаларды абаттандырып жатырмыз. Аудан бойынша 8 аулада белсенді тұрғындардың бастамасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Бұндай бастама бізге тиімді, өйткені тұрғындар өздері қатысқан нысандарға жанашырлықпен қарайды, оның күтіміне де жауапты болады», - деді Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Қоғамдық кеңес алдағы 23 тамыз күні қаланың тұрғын алаптарының жай-күйіне байланысты қорытынды жиын өткізіп, осы сапарда көтерілген проблемалар сонда қаралатын болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх