Спорт

Кипр мен Бельгияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының ойыншылары белгілі болды

08 қазан, 12:2350
Автор: Elorda Aqparat
Фото kff сайтынан Фото kff сайтынан

Қазақстан құрамасының Кипр және Бельгия командаларына қарсы ойнайтын ойыншыларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Арена» алаңында қазанның 10-ы күні Кипрді қабылдаса, араға үш күн салып кәрі құрлықтың ең азулы командаларының бірі Бельгиямен кездеседі. Бас бапкер алдағы ойындарға шақырылған футболшылардың есімдерін атады.

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко (барлығы - «Астана»), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де - «Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де - «Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (барлығы – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Сергей Хижниченко («Астана»).

Бас бапкер: Михал Билек.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 10 қазан күні Кипрмен кездессе, 13 қазанда Бельгия құрамасымен ойнайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх