Экономика

Қазақстанның ұлттық павильоны Шанхайдағы халықаралық көрмеде таныстырылды

05 қараша, 21:4142
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: «KazakhInvest» ҰК» АҚ баспасөз қызметі Дереккөз: «KazakhInvest» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов бастаған Қазақстанның ресми делегациясы Шанхай қаласында өткен ІІ Қытай халықаралық "Сһіпа International Import Expo 2019" көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо «KazakhInvest» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл іс-шараны ҚХР Коммерция министрлігі, Шанхай қаласының Халық Үкіметі және Қытай Экспо халықаралық импорт бюросы ұйымдастырды.

Шанхай импорттық көрме аясында экономикалық және инвестициялық әлеует "Kazakh Invest "ҰК" АҚ, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ, АХҚО, "Астана Экспо – 2017", "Kazakh Export", "Qazatrade "ССДО," Қазақ Туризм" және "Қорғас" ШЫХО отандық компанияларын таныстырды. 

Фото «KazakhInvest» ҰК» АҚ баспасөз қызметіненФото «KazakhInvest» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен

Қазақстандық өнімдерді ұлттық павильонда, ауданы 180 шаршы метрді құрайтын 30-ға жуық қазақстандық азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының компаниялары ұсынды.

Сонымен қатар көрме алаңында Халықаралық бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы, туризм, ақпараттық технологиялар, қаржы, логистика, инфрақұрылымды дамыту және сауда салаларындағы перспективалық инвестициялық жобалар талқыланды.

«Бүгінде Қытай түрлі өнім түрлерін импорттау бойынша әлемде көшбасшы орынға ие. Стратегиялық орналасуы мен Қытаймен ортақ шекарасының арқасында Қазақстанда өндірушілер айқын басымдыққа ие. Атап айтқанда, Батыс Қытай нарығына 300 миллионнан аса тұтынушыға қол жеткізе алады. Халықаралық бизнес өкілдері Қазақстанның инвестициялық жобалары мен мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытты. Бұл болашақта ынтымақтасуға үлкен мүмкіндік береді", – деп атап өтті "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Өзбеков.

Көрмені өткізу барысында қазақстандық және қытайлық коммерциялық ұйымдар арасында экспорттық келісім-шарттарға қол қойылды. 

Фото «KazakhInvest» ҰК» АҚ баспасөз қызметіненФото «KazakhInvest» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен

Айта кетсек, ІІ Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылу рәсіміне шетелдік делегациялардың басшылары ретінде Француз Республикасының Президенті Эмануэль Макрон, Грек Республикасының Премьер-министрі Алексис Ципрас, Сербия Республикасының Премьер-министрі Ана Брнабич, Ямайка Министрлер Кабинетінің басшысы Эндрю Холнесс және басқа да әлемдік көшбасшылар қатысты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх