• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері басталды

07 қыркүйек, 17:3118
Автор: Elorda Aqparat
фото Мәдениет және спорт министрлігінен фото Мәдениет және спорт министрлігінен

Бүгін  Мәскеуде ХШЖК-де ашылған «Қазақстан» павильонының жанында Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндерінің басталуына орай мерекелік бағдарлама өтті. Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары Мәскеу қаласының күні тойында қазақстандық өнер шеберлерінің өнерін тамашалады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров пен домбырашы, халықаралық конкурстардың лауреаты Абылай Тілепбергенов «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен қазақ және орыс әуендерінен попурри орындады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисті Нұрлан Бекмұхамбетов орыс қызы Мария мен Дударайдың махаббат тарихын баяндайтын «Дударай» әнін айтты.

«Ұлы Даланың бұлбұлдары» композициясын Ресей мен Қазақстанда танымал опера әншісі Салтанат Ахметова Айзада Капонова мен Анастасия Кожухаровамен триода орындады. Мерекелік концертті «Астана опера» театрының балет труппасы Ахмет Жұбановтың «Абай» операсынан «Қарлығаш» композициясымен жалғастырды.

Алдыңғы толқын ағаларға қазақстандық жас орындаушылары да қолдау көрсетті. «Голос. Дети 2018» телешоуының жеңімпазы Данелия Тулешова француздық «Jevoux» әнін шырқады. «The Jigits» тобы Байғали Серкебаевтың жетекшілігімен қазақ және орыс тілдерінде ән айтты. Бір кездері Батырхан Шүкенов орындаған, Қазақстанда халық әніне айналып кеткен «Солдат любви» және «Күндер-ай» әнін қалың көрермен жаңа  буынның орындауында тыңдады.

Динайя «The Jigits» тобымен шығармашылық дуэтте орындаған «Дорогие мои москвичи» әні көрермендерді тәнті етті. Әртістердің өнеріне қалың көрермен қол соқты.Бағдарламаның соңында концертте өнер көрсеткен барлық қатысушылар «Песня остается с человеком» атты әйгілі композицияны шырқады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх