• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Қазақстандық фильм Үндістан кинофестивалінде үздік шықты 

25 шiлде, 09:1783
Автор: Elorda Aqparat
Фото Мәдениет және спорт министрлігінен алынды Фото Мәдениет және спорт министрлігінен алынды

Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Kolkata Shorts International Film Festival» VIII халықаралық кинофестивалінде режиссер Камилла Абделдинованың «Вкус цвета» қысқаметражды деректі фильмі «Үздік деректі фильм» атанды, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

«Вкус цвета» фильмі «Қазақстанның түркі халықтары» циклына кіреді. Бұл деректі цикл Қазақстанда тұратын көпұлтты түркі этностарына арналған.  Абделдинованың картинасы ұйғыр этно-авангард суретшісінің тарихы арқылы Қазақстанда тұратын ұйғырлар туралы баяндайды.

«Кинематографист Дәурен Әмірғазинов екеуміз барған Калькутта сапары өз нәтижесін берді. Бұл біздің фильмнің ең бірінші марапаты – «Үздік деректі фильм». Біз үшін марапат пен конкурс емес,  ең бастысы, бізді қолдаған  қазақстандықтар мен жақындарындай қарсы алған үнділерге ризамыз.  Біз үшін басты марапат – халықтың мейірімділігі мен бауырмалдығы»,- деді режиссер Камилла Абделдинова. 

Сонымен қатар бұл фестивальге «Қазақфильм» киностудиясының «Хангүл ізімен...» атты деректі фильмі қатысты.  Режиссері – Виталий Чернов. Картина шөл және шөлейт аймақтарда мекендейтін хангүл, яғни бұхар (тоғай) бұғысы, оларды Қазақстанда қайта көбейту жайлы баяндайды.

«Kolkata Shorts International Film Festival» Бенгалия мәдениетінің орталығындағы Калькутта қаласында өтеді. Фестивальдің мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас режиссерлердің өсуіне ықпал етіп, қысқаметражды фильмдердің дамуына бағытталған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх