• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Қазақстандағы теміржол билеттері мен вагондар тапшылығының мәселесі шешіледі

12 қыркүйек, 03:0871
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Lissin.kz Фото: Lissin.kz

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары әзірленуде. Бұл тұрғыда теміржол билеттерінің бағалары мен тарифтерінің өсуімен күресті күшейтуге, сондай-ақ вагон тапшылығының мәселесін шешуге бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Биылғы жылы вагон тапшылығын төмендету үшін 63 вагон сатып алынып, оның 40-ы елге жеткізілді. Қыркүйектің соңына дейін тағы 23 вагон келеді.  "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, біз 2025 жылға дейін жыл сайын 150 вагон сатып алуды қарастырамыз", – деді ҚР Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов.

Сонымен қатар Комитет төрағасының орынбасары республикадағы теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын төмендетуге бағытталған шаралар туралы да айтты.

"Билеттердің жасанды тапшылығы мен ресімдеу кезіндегі делдалдық негізгі күрмеулі мәселелердің бірі болып табылады. Қазір делдалдардың араласуын болдырмауға мүмкіндік беретін жасанды тапшылық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, билеттердің тапшылығы мен заңсыз делдалдық әдістерінің алдын алу үшін теміржол тасымалы саласындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жол картасы қабылданды", – деді Жәнібек Тайжанов.

Айта кетсек, бүгінгі таңда делдалдардың араласуын болдырмауға мүмкіндік беретін жасанды тапшылық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, билеттерді қайта сатуды болдырмауға мүмкіндік беретін және жол жүру құжаттарын іске асыру кезінде бақылауды күшейтетін "Күту парағы" функциясы бар "Mobius" жүйесі енгізілді. Көпфункционалды орталық құру жолымен "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның тексеру қызметтері қайта құрылды. Топтық өтінімдерді ресімдеу/қайта ресімдеу бойынша талаптар нақтыланды. Топтық өтінімдерді беру және қайта тіркеу мерзімдері өзгертілді. Сондай-ақ жолаушыларды ресімдеу әрбір орынға жеке жол жүру құжаты арқылы жүргізіледі. Жол жүру, темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау жүйесін жетілдіру жөніндегі жоспар әзірленді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх