Қоғам

Қазақстанда пойыз вагондарының саны артады

11 қазан, 14:3448
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа вагондар сатып алуға 20 млрд теңге жұмсады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бұған дейін айтып өткенімдей, біз жолаушыларды тасымалдаудың қысқа және ұзақ мерзімді жол картасының стратегиясын әзірлеп жатырмыз. Стратегиядағы маңызды бөліктердің бірі – келесі жылдан бастап пойыз вагондарының жетіспеушілігін шешу. Осы орайда алдағы аптада пойыздар жаңа 19 вагонмен толығады. Және 22 қазан күні тағы 4 вагон жеткізіледі. Сол сияқты вагондардың санымен қатар сапасына да мән беретін боламыз. Одан бөлек, бізде жөндеу жұмыстарын талап ететін вагондар бар. Жалпы вагондар 30-40 жыл бойы жарамды, содан соң қосымша жөндеу жұмыстарын қажет етеді», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры Михаэль Кортюм баспасөз мәслихатында.

«Біз темір жол билеттері бойынша ақпараттық жүйелеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ондағы мақсат – электронды билеттердің онлайн сатып алу жүйесін оңтайландыру. Жыл соңына дейін автоматтандыру жұмыстары толық істейтін болады», - деді ол.

Сондай-ақ аталған жиында «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріп жалпы Тверь вагон құрылысы зауытынан 63 вагон сатып алуға 20 млрд теңге жұмсалғанын айтты.  

Айта кетсек, бұған дейін елімізде жолаушыларды тасымалдаудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх