• USD 377.9
  • EUR 429

Құқық

Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың YouTube-жобасы құрылды

03 қыркүйек, 15:40213
Автор: Elorda Aqparat

Отандық интернет-аудитория назарына диалогтік онлайн-алаң форматы бойынша құрылған «Таза ниет» ток-шоуының бірінші шығарылымы ұсынылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Іскер азамат – Ел тірегі» бағыты аясында қолға алынған жаңа жобаға қатысушылар қазақстандық бизнеске кері әсерін тигізетін қауіп-қатерлер мен көпшілік біле бермейтін жайттардың өзекті мәселелерін талқылады.

Бағдарлама құрастырушылары жобаның мақсаты Қазақстандағы рейдерлік шабуылдардан қорғанудың жүйелерін жетілдіру екендігін айтады. Себебі мұндай түйткіл бар және оның өте өзекті екендігін жасыра алмаймыз. Аталмыш шоудың алғашқы шығарылымын тамашалағандай, жұртшылық оның алдағы түсірілімдерін де YouTube-тағы Taza Niet арнасынан көретін болады.

Жобаның алға қойған міндеті қарапайым: кедергіге тап болған кәсіпкер көрермендер мен құрамында заңгерлер, журналистер, блогерлер, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Жоғарғы сот және тағы басқа да құзырлы мекеме өкілдерінен тұратын сарапшыларға өз мәселесін еш бүкпестен айта алады. Талқылаудан соң сарапшылар түйткілді шешудің жолдарын нұсқайды. Көрермендердің көз алдында кез келген кәсіпкердің алдынан шығуы мүмкін келеңсіз жайттар айқын әрі нақты көрсетіледі.

Әр бағдарламада түрлі саланың белді және беделді тұлғаларынан тұратын 10 қонақ қатысады. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлердің өткір мәселелеріне қоғам назарын аударады.

Сонымен қатар барлық шынайы оқиғалар мен сарапшылардың пікірлері көрермендердің жеке құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға көмектеседі.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх