• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Қазақстанда 300-ден аса далалық әмбебап әжетхана орнатылады

18 шiлде, 18:2167
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

QazAvtoJol акионерлік қоғамы 2019-2022 жылдары 304 санитарлық-гигиеналық торап (әмбебап әжетхана) қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

«KazWay жылы павильонын орнату өткен жылдан бастап қолға алынды. Атап айтқанда Нұр-Сұлтан – Шучинск, Нұр-Сұлтан – Көкшетау, Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолдарының бойында орнатылды. Өткен жылы жалпы саны 12 далалық әмбебап әжетхана қойылды. Ал биыл тағы 16 ақылы тас жолға орнату жоспарланып отыр. Оның 4-еуі Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолының бойына орнытылатын болады. Сол сияқты алдағы 3 жылда еліміз бойынша 304 әмбебап әжетхана орнату жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан жолдарында 800-ге жуық жарамсыз әжетхана бар. Олар демалыс орындары мен далалық тас жолдардың бойында орналасқан. Одан бөлек, жол бойында орналасқан жеке секторлардың да 800-ге жуық әжетханасы бар», - деді «QazAvtoJol» акционерлік қоғамы бизнесті дамыту департаментінің директоры Рустам Исаев. 

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы Қазақстанда барлық саны 53 әмбебап әжетхана орнатылатын болады.

«Бүгін күн тәртібінде қаралған тағы бір мәселе санитарлық-гигиеналық торап немесе KazWay павильонын орнатуға қойылатын арнайы техникалық талаптар бар. Ол үшін арнайы ғылыми кеңес отырысы өтті. Ол бойынша елімізде орнатылатын әжетханалардың 4 түрі бар. Және біз үшін аталған нысанның жыл бойы жұмыс істегені маңызды. Әрине ол әмбебап болғандықтан оның ішінде барлық мүмкіндік жасалатын болады. Бір павильонның орташа бағасы 15-16 млн теңгені құрайды. Бұл жобаны мүмкіндігінше барлық өңірлерде жүзеге асырғымыз келеді. Яғни дала жолдарындағы әрбір 50 шақырым сайын дала әжетханасын ортануды көздеп отырмыз», - деді ол. 

Сондай-ақ «QazAvtoJol» өкілі аталған әжетханалардың ақылы болатынын және оларға ортақ баға қойылатынын айтып өтті.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх