Билiк және саясат

Қазақстан мен Ресей шекаралық ынтымақтастықты нығайтады

07 қараша, 22:0055
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ақорданың баспасөз қызметінен Фото Ақорданың баспасөз қызметінен

Бүгін Омбы қаласында Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен «Шекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі өтіп, тараптар өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастығының негізгі жетістіктері мен даму жоспарларын сөз етті.

Жыл басынан бері бірлескен кәсіпорындар саны 10 пайызға артып, 10 мыңнан асқан. Бұл бірлескен жобаларды іске асыруға оң әсер етеді.

Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жоспарлануда. Бұл өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік беріп, екі елдің компаниялары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды қамтамасыз етпек.

Сарапшылардың сөзінше, қорғаныс өнеркәсібі саласында да, атап айтқанда, бронетанктік техника, теңіз тақырыбы, авиациялық техника және ӘШҚ техникасы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілген.

Сонымен қатар пленарлық отырыс барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен РФ Көлік министрлігі арасында Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс істеуі бойынша бірлескен іс-қимыл бағдарламасына қол қойылды.

Сондай-ақ Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту орындарының мәртебесін өзгерту қажеттілігі туралы мәселені қосымша пысықтау жоспарланды.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх