Спорт

Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатында «қола» жүлдені иеленді

07 қараша, 03:1042
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Olympic.kz Дереккөз: Olympic.kz

Спорттық құзға өрмелеуден Индонезияның Богор қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы эстафетадан жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ерлер командасы сапында Әмір Маймұратов, Роман Костюков және Ришат Хайбуллин сынға түскен болатын.

Қыздар командасы қатарында Әсел Марленова, Тамара Улжабаева және Маргарита Агамбаев бақ сынады. Қыздар құрамасы Индонезияға жол берді. 

Жалпы, Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы эстафетадан "қола" жүлдегер атанды. Ал "алтын" және "күміс" медальді Индонезия құрамасы иеленді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх