Руханият

Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының жеке ғимараты болады 

04 қараша, 20:5946
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Дәулеткерей Кәпұлы/Fasebook Фото: Дәулеткерей Кәпұлы/Fasebook

Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының жеке ғимараты болады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Жазушылар одағының елордадағы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы Fasebook желісінде жариялады. 

"Бұйырса алдағы күндері сүйіншілейміз. Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының өз ғимараты болады. Бұл – қала әкімі Алтай Сейдірұлының тікелей тапсырмасымен орындалған жұмыстың бір парасы. Енді елордада тұратын қаламгерлер бас қосып қауқылдасып, жиі-жиі жүздесіп, әдеби әңгіме айтып тұруға барлық жағдай жасалады. Тәңір жар болсын!" – деп жазды Дәулеткерей Кәпұлы Fasebook желісінде. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх