Экономика

Қазақстан экспорт көлемін ұлғайтуды көршілес елдерден бастайды

03 қазан, 17:30219
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

2022 жылға қарай Қазақстанның шикізаттық емес экспортының көлемі 1,5 есеге артады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біздің алдымызға Президент тауарларымызды экспортқа жылжыту әрі көлемін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы үлкен міндет қойып отыр. Ең алдымен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қытай нарықтарында саудамызды дамыту керек. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресеймен сауда айналымының үлесі Қазақстандағы жалпы сауданың 19,5% (18,5 млрд доллар), Қытаймен 12,3% (2018 жылы 11,7 млрд доллар), Өзбекстанмен 2,9% (2,8 млрд доллар), Қырғызстанмен 1% (900,5 млн доллар), Түрікменстанмен 0,1% (98,1 млн доллар) құрады», - дейді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Қазақстан Ресейдің көптеген субъектілері үшін негізгі сауда серіктестерінің бірі болып есептеледі. Біздің 7 өңір Ресейдің 11 шекаралас облыстары арасындағы сауда-саттық былтырғы тауар айналымының 10 пайызын құрайды. Екі елдің шекаралас өңірлерінің сауда айналымы былтыр 2 пайызға артып, 1,94 млрд долларға жетті.

Вице-министр сөз арасында Қазақстанның экспортқа шығуына ыңғайы бар тауарларды қозғап өтті. Отандық кәсіпорындар Ресейге - 87, Қытайға - 60, Қырғызстанға - 70, Түрікменстанға - 48, Өзбекстанға 70 тауар шығаруға мүмкіндік бар. Тек уранмен бірге металлургия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі тауарларына, дайын тамақ өнімдері бойынша Ресеймен сауда айналымын тағы 245,6 млн долларға арттыруға болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх