Спорт

Қазақстан – Кипр футбол матчына арнайы Shuttle-Bus ұйымдастырылады

10 қазан, 10:0125
Автор: Elorda Aqparat

Қазақстан – Кипр ұлттық құрамалары арасында өтетін футбол матчына арнайы Shuttle-Bus бағыты ұйымдастырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.

"Бүгін, 10 қазан күні Қазақстан – Кипр ұлттық құрамалары арасында өтетін футбол матчына арнайы төрт Shuttle-Bus бағыты (№801-804) ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Матч 20:00-де басталады. Автобустар қозғалыс кестесі бойынша жүреді.

Бағдарлар қозғалысының кестесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бүгін Кипрмен кездессе, 13 қазанда Бельгия құрамасымен ойнайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх