Билiк және саясат

Қазақстан – барлық саланы қамтитын трансформациялық процесс жүрегі – GFCC президенті

17 қыркүйек, 17:3967
Автор: Elorda Aqparat
Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Орталық Азияда алғаш рет Нұр-Сұлтанда жаһандық инновациялық саммит-2019 өтіп жатыр. Саммиттің басты тақырыбы – ұлттардың бәсекеге қабілеттілігі және мемлекеттердің ұзақ мерзімді тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Форумға қатысу үшін 16 елден 50-ден аса халықаралық спикерлер келді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл – біздің форум аясындағы 10 рет кездесуіміз. Нұр-Сұлтан – осы кездесуге өте жақсы, қолайлы қала. Себебі Қазақстан қазіргі таңда өмірдің барлық саласын қамтитын трансформациялық процесстердің жүрегі болып табылады", – деді GFCC президенті Дебора Л.Винс Смит. 

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметіненФото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Өз кезегінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісінде Қазақстан 28-орынға көтерілгенін, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде еліміз 59-орынға ие болғанын атап өтті.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметіненФото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Ал саммиттің таңдалған тақырыбының өзектілігі туралы айтқан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев соңғы онжылдықта болған өмірдің түрлі салаларындағы Елеулі "ілгерілеулер" туралы сөз етті.

"Тұңғыш Президент Қорының миссиясы – елдің тұрақты дамуына және ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болуына ықпал ету. Елбасының тапсырмасы бойынша бірнеше жобаны іске қосамыз. Олардың бірі – еліміздің бәсекеге қабілеттілік қасиетін арттыру, тұрақты инклюзивті өсудің әлеуметтік-экономикалық моделі бойынша мемлекет үшін ұсыныстар әзірлеу және де ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу", – деді Ә.Исекешев. 

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметіненФото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Сондай-ақ Әсет Исекешев Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сынды ірі қалалар әрдайым таланттардың орталығы екендігін, ал елорданың дарындылар үшін ең озық орталық ретінде танылғанын атап өтті. 

"Елбасының шешімінің арқасында қала алғашқы трансформациядан сәтті өтті. Тұрғындар саны 3,5 есеге артып, қазіргі таңда 1 миллион адамнан асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың одан әрі дамуына аса мән беруде. Бүгінде Нұр-Сұлтан қазіргі заманғы инновацияларды, білім беру, медициналық және спорт кластерін қамтитын орын болып табылады. Сондай-ақ Назарбаев университеті, ЭКСПО, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және басқа да маңызды нысандары бар басты қалаға айналды", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх