Спорт

Елордада алғаш рет балалар арасында Паралимпиада ойындары өтті

07 қараша, 11:0950
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет балалар арасында Паралимпиада ойындары өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо «Аstana-akshamy» газетіне сілтеме жасап.

Бұл жарыста ерекше мүмкіндігі бар 220 бала спорттың 5 түрінен, атап айтқанда, бочче, пара үстел теннисі, пара таэквондо, пара каратэ және пара чирлидинг бойынша сайысқа түсті. Спортшылар Қазақстан мен Ресейдің өңірлерінен келді. Іс-шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» ҚБ ұйымдастырды. Паралимпиадалық ойындарына бейімделген спорт бойынша менталды бұзылыстары, ДЦП, Даун синдромы бар балалар, сондай-ақ онкологияны жеңген жасөспірім спортшылар қатысты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, медальдар және сыйлықтар тапсырылды.




Наверх