• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

7 жылдан бері «Куршавельге» жете алмай жүргендер әкімге базынасын жеткізді

05 тамыз, 16:5984
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі Алтай Көлгінов проблемалы «Куршавель» тұрғын үй кешенінде болды. Мұнда үлескерлердің жалпы саны - 135 адам, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Бөлінген жер учаскесінде егжей-тегжейлі жоспарлау және жобалық-сметалық құжаттама жоқ. Тұрғын үй кешені 72 пәтерге есептелген, бірақ 125 пәтер сатылған.

«Біз пәтерлерді 2012 жылдан бері күтіп жүрміз. Аумақта жарық жоқ. Күзетші фонарьмен отырады. Жоба бойынша біздің үй 5 қабатты. Үйдің іргетасы сын көтермейді. Ал 6 және 7 қабаттарда болмаған пәтерлер сатылған. Үйдің іргетасы қосымша жүктемелерге төтеп бермейді», - дейді үйдің үлескерлері.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Құрылыс салушының айтуынша, іргетасты және бағандарды нығайтып, плиталарды жабу жұмыстарын жүргізу керек. Іргетасы 6 және 7 қабаттарды көтермейді - қосымша жер учаскесі бөлінді.

«Үйді ретке келтіру және нығайту жұмыстарын жүргізу керек, сараптамадан өту, инженерлік желілер және абаттандыру жобасын жасау қажет. Әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі, бірігіп жұмыс жасаймыз. Аумақта мамандар қазірдің өзінде жұмыс істеуі керек. Ең бастысы - барлық қауіпсіздік шараларын сақтау және құрылыстың сапасын қамтамасыз ету», - деді А.Көлгінов.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Жалпы, елордада аяқталмаған 51 нысан бар.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх