• USD 382.5
  • EUR 432

Билiк және саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ikomek109» мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығында болды

17 мамыр, 18:33103
Автор: Elorda Aqparat
фото Ақорда сайтынан фото Ақорда сайтынан

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы «Ikomek109» мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығына барды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Орталық тәулік бойы қаланың қауіпсіздігін бақылайды, коммуналдық кәсіпорындардың барлық Call-орталықтарын біріктіреді және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын өңдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Президентіне басқару панелінің мүмкіндігі көрсетілді. Мұнда 6 мыңнан астам камера қосылған, олар төтенше жағдайларға, оқыс оқиғаларға шұғыл әрекет етіп, оларды жоюға, сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың қызметінің негізгі тұтынушысы ретінде халықпен тиімді кері байланыс және коммуникация орнатуы үшін заманауи цифрлық технологияны қолданудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл тәжірибені өңірлерге тарату қажеттігін айтты.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх